Эссе тақырыбы: «Спорт денсаулық кепілі»
Автор: student | Категория: Гуманитарные науки | Просмотров: 988 | Комментирии: 0 | 18-09-2020 15:30

Сәлеметсіздерме! Менің аты- жөнім Ертаев Жәнібек. Мен Зубаир орта мектебінде 8 сыныпта оқимын. Мен сіздерге өзімнің "Спорт - денсаулық кепілі" атты тақырыпқа өз ойымды жазып отырмын.

Қазіргі таңда спортпен айналысу өте маңызды рөл атқарады. Себебі, спортпен шұғылданған адамның денсаулығы өте мықты болады. Спортпен айналысатын адамдардың дені сау және салмақты болады. Спортпен айналысатың адамдар өздерін диетада ұстайды және қалыпты салмақта болады. Сондықтан артық аурулардан сақтанады. Ал спортпен шұғылданбаса, олардың салмақтары көп болып, денелері майланып көртеген ауруларға дұшар болады.

Спорт тамақ сапасы сияқты маңызды. Көптеген адамдар әлі де жалқау және ешқандай спорт түрімен айналысқысы келмейді. Шын мәнінде, спорт - бұл өмірге белсенді көзқарас және денсаулықты жақсартуға деген ұмтылыс.

Сондықтан да, барлық адамдар спортпен шұғылдануы керек. Өйткені, қазақта мынандай мақал бар "Бірінші байлық денсаулық " деп бекер айтпаған. Спортпен үнемі айналысқан адамның дені сау, көңіл – күйі көтеріңкі болады және денсаулығы жақсарады.

Мен өзім спортпен айналысамын. Біздің Зубаир ауылында спорт секциясы бар. Жаттықтырушымыз Ильгар ағамыз бізді спортта төзімді және шыдамды болуға және де спорттың барлық қыр сырларын үйретеді. Сонымен қатар Ильгар Рафкатұлы бізге темекі шегуден, арақ ішуден аулақ болыңдар деп үнемі ескертіп отырады. Спортсменнің өкпесі таза болу керек. Сендер Қаазақстанның болашығысыңдар деп айтады. Осы үлгі насихаттарды естіп өсіп келемін.

Осы спорттың арқасында мен өзім шыдамдылық пен төзімділікке үйрендім. «Шынықсаң – шымыр боласың» демекші, өз денсаулығым өзіме қымбат. Күнделікті таңертеңгілік жаттығулар жасаймын, бұл маған сабаққа барар алдында ұйқымды ашып, көңіл - күйімді көтеруге көмектеседі. Осының арқасында денсаулығым жақсарып, сирек ауратын болдым. Жалпы айтқанда спортпен шұғылданып және дұрыс тамақтанып жүрсек онда біздің денсаулығымыз мықты болады. Сондықтанда Салауатты өмір салтын ұстану соншалықты қиын емес. Өзімнің достарыма спротқа келіңдер деп үндеу жасап жүрмін.