Сочинение "Денсаулық-зор байлық" | |
Автор: student | Категория: Гуманитарные науки | Просмотров: 1059 | Комментирии: 0 | 18-09-2020 15:29 |
«Спорт – денсаулық кепілі» дегенді мен былай түсінемін. Ең бірінші байлық денсаулық дейміз.Денсаулық –адамға табиғаттың берген ең ұлы құндылығы.Бірақ қазіргі кезде салауатты өмір салтын сақтау туралы көп айтылады.Салауатты өмір салты дегеніміз-денсаулықты нығайту ,дұрыс тамақтану,гигеналық ережелерді сақтау.Сол денсаулықты сақтау үшін,жағымсыз әрекеттерден (нашақорлық,шылым шегу, ішімдік ішуі улы заттарға әуес болу)аулақ болу қажет.Салауатты өмір салтын сонысымен бағалы.Аристотель: «Жанды дене қозғалмаса өледі» деген. Бұл тұжырым бізге салауатты өмір сүрудің негізгі ілімі болуға тиіс.Денсаулыққа тек дене шынықтыру арқылы қол жеткізуге болады. «Шыныққан адам,шымыр болады» дегендей ,адам шынықса ағзасын дамытса, жұмыс істеуге қабілетін арттырады,ауруларды алыстатып ,өмірі ұзақ болады.Спорттың адам өмірінде алатын орыны зор болады.Спортпен айналысқан адам мықты болады.Біздің ата-бабаларымыз – «Дені саудың –жаны сау »деп бекер атпаған. Сондықтан да Мен барлық өсіп келе жатқан өскелен жастарға айтарым спортпен айналысып жүрейік! Қазақстан Республикасының мәртебесін өсірейік! Дені сау ұрпақтар дүниеге келіп, Қазақстанның демографиясын өсірейік!